top of page

Маңғыстау облысындағы қосымша білім беру ұйымдарының қашықтықтан өткізген жылдық есеп беру концерті


Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы зор борышымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында қосымша білім беруді қолдау керектігін атап өтті.

Мектептен тыс ұйымдарда қосымша білім берудің негізгі мақсаты балалардың шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту, қоғамдық өмірге бейімдеу, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасау.

Оқушылардың эстетикалық, адамгершілік, патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркемөнер мәдениетінің дәстүрлеріне деген жеке қызығушылықтарын тәрбиелеу, музыкалық дарынды білім алушылар мен талантты шығармашылық ұжымдарды дамыту, қолдау мақсатында Маңғыстау облысында 10 қосымша білім беру ұйымы (7 өнер және 1 саз мектебі, 2 үй, орталық) және 55 аула клубы жұмыс жасайды. Оған жиырма мың аса оқушы қамтылған.

Қосымша білім беру ұйымдары елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан өз жұмыстарын қашықтықтан жалғастырып, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білді. Әр түрлі байқаулар мен мерекелік шараларды онлайн өткізіп, балаларды оқудың жаңа форматына дағдыландыруға өз септіктерін тигізді.

Сондай-ақ, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жылдық шығармашылық есеп кештерін биылғы оқу жылыда да қашықтықтан ұйымдастырып, Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының facebok әлеуметтік парақшасында #oneresep2020 хэштегімен жарияланды.

Сонымен қатар, өнер және саз мектептерінің 396 түлегінің ішінде үздік бітірушілер, бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарын атап өтпеске болмас: М.Әліби (Ақтау қаласы А.Тарақұлы атындағы өнер мектебі), Н. Серікбай, М. Ғалымжан (М.Өскенбаев атындағы Саз мектебі), Озғанбаева, А.Бақтығұлова (Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі), А.Аралбаева, А.Исламова Қ, (Қ.Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі), А.Қалниязов, Э.Дәуітова (Маңғыстау аудандық Балалар өнер мектебі), Д.Алдаберген, А. Сақы (Мұнайлы аудандық өнер мектебі), А.Әзірбай, А.Айдарбек және т.б.

«Өнер – адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі» демекші бітіруші түлектерге қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімізді арнаймыз. Сәт-сапар тілейміз!

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page