top of page

«ГҮЛ - ҒАЖАЙЫП ДҮНИЕ» қалалық сырттай байқауы бойыншаАҚПАРАТ

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына боянып Көрік бердің далаға. Т. Молдағалиев.



Қалалық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен «Гүл – ғажайып дүние» қалалық сырттай байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: көркемдік шығармашылығын дамыту, жаңа идеяларды іздеудегі белсенділіктерін арттыру, эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру, бөлме өсімдіктерінің тарихы туралы білімдерін кеңейту.

Байқауға қаланың жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары, аудан мектептерінің оқушылары және қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатысқан болатын. Ырғыз, Қобда аудандарынан оқушылар байқауға белсенділік таныта қатысты.

Жалпы қатысушылар саны: 45 оқушы. Қатысушылар гүл түрлері, мекен ету ортасы, ерекшеліктері, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мағлұматты видеоролик арқылы түсіндіре, табиғатты аялауға, қорғауға шақырды. Гүлдерді, бөлме өсімдіктерін қалайша күтіп, баптауға болатыны туралы біраз ақпарат айта білді.

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі Дипломдармен, ал белсене қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.

Қорытынды: Гүл – өмірдің сәні! Гүл – табиғаттың бір бөлшегі. «Гүл – дүние көркі» десек те қателеспейміз. Гүлдердің де жаны бар. Адамға үлкен пайда келтіреді. Гүлдер – қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.

Гүлдер – бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейтін сезімтал өсімдіктер.

Ол үшін бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп немесе өз үйіміздің айналасын көғалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысуымыз қажет!

«Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі»,- демекші табиғатты аялап, қастерлеу біздің басты парызымыз!!!


Ақпаратты жазған: ҚЖТС әдіскері А.С.Ибраева

bottom of page