2020 жылғы 14 сәуір. Бүгін Өскемен қаласы Оқушылар шығармашылық сарайының қосымша білім беру педагогтері ҚР БҒМ РҚББОӘО қолдауымен «Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып балалар қозғалысының жұмысын қалай тиімді ұйымдастыруға болады: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.
Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылығы сарайының «Жас Ұлан» РҚБ комитетінің төрағасы Глеб Птухов, 10 сынып оқушысы «Балалар қозғалысының қызметін жариялау бойынша әлеуметтік желілердегі жұмыстың ерекшеліктері» туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Онлайн-конференция ZOOM платформасында өте мазмұнды, қызықты өтті.