top of page

Тірі бұрыштағы жануарларды күту

2020 жылдың 8-ші сәуір күні биология кафедрасы «Ғылым апталығының» жоспарына сәйкес онлайн режимінде, ZOOM платформасы арқылы «Тірі бұрыштағы жануарларды күту» тақырыбында, үйірме жетекшілері А.М.Абдукаримов, С.Т.Сырымбетовтердің ұйымдастыруымен «Жас натуралистер» ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Кафедра меңгерушісі Г.Б.Адманова шараны бастап, ғылымға жауапты оқытушы А.Қ.Қалиева, биология кафедрасының филиалы болып табылатын «Қалалық жас натуралистер станса» әдіскері А.Кубесов және үйірме мүшелері қатысты. Әдіскер Кубесов Асқар стансада қолда өсіріліп жатырған тотықұстарды, балықтарды күтіп баптауда қандай жем беру керектігі, оның пайдалылығы мен қоректендіру кезеңдерін нақты түсіндірді. Сонымен қатар, үйірме мүшесі Дунаева Райса, жануарлары Корелла тотықұсына, Ахатина ұлуына, Канадалық Сфинкс мысығына сипаттама беріп, үй жағдайында бағып, күту шараларын атап кетті. Үйірме жетекшілері мен мүшелері қазіргі кезде үйде күнделікті бағып отырған бұйра тотықұстың өзіндік физиологиялық ерекшеліктеріне, аталығы мен аналығын ажырату әдістеріне, олардың мінез қылықтары жайында ақпараттар берді. «Жас натуралистер» ғылыми үйірмесінің мақсаты - үйірме аясында биология білім бағдарламасының білім алушыларына ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға, дәріс сабақтарында алған теориялық білімдерін шыңдауға, тірі табиғат бұрышында құстар және басқа да жануарлармен жұмыс жасау арқылы оларды өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және табиғатқа қамқоршылық сезімдерінің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады. Ғылыми үйірмелердің болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына, білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыруда және табиғатқа сүйіспеншілік сезімдерін оятуда мәні зор.

bottom of page