top of page

«Ұрпақтар сабақтастығы»

Оқушылар сарайы базасындағы қалалық «Жас Ұлан» штабы 2020 жылы 30 қаңтарда «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қалалық «Рухани жаңғыру» жобасының меңгерушісі Оралбаева Зәуре Әбдіхамитқызымен кездесті. Қалалық «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралармен балаларды таныстырды. Жиынға қала мектептерінің тәлімгерлері, Ұланбасшылары, оның орынбасарлары қатысты. Қалалық «Жас Ұлан» штабының ұланбасшысы Д.Лесбай кездесу барысында З.Оралбаеваға лайықты құрмет көрсетті. «Жас Ұлан» штабының үгіттобы «Рухани жаңғыру» жобасына арнаған өлеңдерін оқыды. Кездесу жиынында қонаққа сұрақтар қойылып, тыңғылықты жауап алынды, орталықтың алдағы жоспарларымен таныстырды. Қалалық ұланбасшы Оралбаева З. ұйымның құрметті мүшесі деп жариялап, салтанатты түрде мойынтақ мен төсбелгі тақты.. Қонаққа арнап «Әлқисса» күйін Абдукадыров Н. орындады.. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасының кезекті жиынын Мектеп бөлімінің меңгерушісі Г.Б.Төлеметова қорытындылады. Бұл жоба қала мектептерінде де өз жалғасын табады деген ұсыныс айтылды. Кездесу өте әсерлі, әрі мазмұнды өтті. Жасұландықтар алдағы өмір жолына оң бағыт-бағдар, рухани шабыт алды.

Кездесу соңында Жасұландықтар Зәуре Әбдіхамитқызымен естелікке суретке түсті.

bottom of page