top of page

«Менің мәдени мұрам – менің байлығым»


2020 жылдың 20 ақпанында №13 «Тұлпар» балабақшасының ұжымы мен Нұр-сұлтан балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы Астана қаласының Достық үйінде «Адамгершілік – патриоттық тәрбие» кластері аясында «Менің мәдени мұрам – менің байлығым» атты семинары өткізілді.

Семинар қатысушылары – балабақшалардың тәрбиешілері, халық қолөнерінің қызықты шығармашылық шеберханаларына, туризм элементтері бар тимбилдингтерге қатысты, соңында орнатылған «шатырлы қалашық» манында «от» алдында ән шырқады. Достық үйінің ұжымы барлық қатысушыларғаорыс халық әндерін сәлемдесу ретінде орындап, ал Бейсембаева Гүлзада Абайдың «Көзімнің қарасы» атты өлеңін орындады. Шақырылған қонақтар мен қазылар алқасының мүшелері, балабақша меңгерушілері, білім басқармасының, білім беруді жаңғырту орталығының, «Өрлеу»біліктілікті арттыру институтының өкілдері өткізілген іс – шараға жоғары баға берді.

bottom of page