• 20 февр. 2020 г.

«Туристік-өлкетану қызметі - білім мен тәрбиенің басты құралы» атты облыстық тәжірибелік семинарын

2020 жылдың 18 ақпан күні Қалалық жас туристер стансасы және «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы «Туристік-өлкетану қызметі - білім мен тәрбиенің басты құралы» атты облыстық тәжірибелік семинар өткізді.

Мақсаты: туристік-өлкетану жұмыстарының белсенді ұйымдастыру түрлерін арттыру, педагогтердің белсенді өзара қатынасын білім процесіндегі оқушылардың зерттеу қызметіне және оны практика жұмысына енгізуді ұйымдастыру, мектептердегі музей жұмысын жандандыру.

Облыстық семинарға қала және аудан мектептерінен 50 педагог қатысты.

Семинардың теориялық бөлімінде «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Әлиятанушы Ғ.Е. Байдербес, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ тарих және дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Қ.Абенов, Балалар туризмінің негізін қалаушы Төкеш Жездібаевтың ұлы Қ.Т.Жездібаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі М.Т.Буханова дәріс оқыды. Практикалық бөлімінде Қалалық жас туристер стансасының әдіскерлері шебер кластар өткізіп, Облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жүргізілді. Семинар барысында қатысушыларға туристік-өлкетану жұмыстарының маңыздылығы және өлкетану бағытындағы жұмыстарды арттыру талқыланып, жұмыс түрлері көрсетілді

Барлық қатысушыларға Қалалық жас туристер стансасы және «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы атынан сертификаттар табысталды.

Семинарға қатысушылар өлкетану бағытында көптеген мағлұматтар алып, өзара тәжірибе алмасты.

Қалалық жас туристер стансасының

бөлім меңгерушісі Мамбетниязова Ж.

  • жас саяхатшы

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More