top of page

Шығыс Қазақстан облысында «Жас сарбаз» сыныбының оқушыларына арналған іс-шаралар өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында М.Ломоносов атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары, мұғалімдері Азамат Байғожаевпен бірге № 2017 әскери бөлімінде болды.

Жасөспірімдердің әскери - патриоттық тәрбиесін күшейтіп, Отанға деген адалдыққа, тәртіптілікке баулу мақсатында осы іс-шара ұйымдастырылды. Таныстыру шарасының басы-қасында бөлімнің аға офицері майор М.Розахунов жүрді. Олар әскери бөлімнің плацында саптай тізіліп салтанатты шерумен өтті. Ғасырға жуық тарихы бар шекара жасағы туралы деректі фильм тамашалады. Қару-жарақ түрлерімен танысты, сарбаздардың күнделікті күн тәртібін көрді.

Ең бастысы, жеткіншектердің әсері ерекше. Шекара жасағының командирі подполковник Қожахмет Дангулбеков өз сөзінде: - Жас сарбаздарға берілген тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, отансүйгіш, жігерлі азамат болып қалыптасады деп сенемін, келешекте еліміздің қорғаны болып, егеменді еліміздің білімді, саналы, патриот азаматтары болуларына тілектестік білдіремін,-деді.

Шара соңында әрбір оқушыға «Алғыс хат» табыс етті.

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-17

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page