top of page

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиада


Мемлекеттің болашағы, стратегиялық міндеттерге табысты қол жеткізу білім беру сапасымен, мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейімен, олардың қызметінің тиімділігімен тығыз байланысты.

Осыған байланысты оқытушылардың жаңа құзыреттіліктерді алуға ұмтылысын ынталандыру, олардың шығармашылық дамуы мен білім беру әдістемелерін жүзеге асыру мәселелерінде тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау маңызды. Жоғары сынып оқушыларының педагогикалық қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу ерекше маңызға ие.

Тараз қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасы дәл осы мақсатқа бағытталған.

Олимпиада төрт кезеңнен тұрды.

І саты шеңберінде педагогикалық жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруға бағытталған мектептердің жоғары сынып оқушылары командаға біріктіріп, нағыз педагог туралы өз ұсынысын ұсынды.

II сатының жұмысына қатысқан педагогикалық университеттер, институттар мен колледж студенттері педагогикалық білімді меңгеру деңгейін және оларды кәсіби міндеттерді шешу кезінде пайдалануды көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды орындады.

III сатыға қатысқан педагогикалық мамандықтардың магистранттары өздерінің педагогикалық зерттеу іс-әрекетін, педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете білді.

IV сатының қатысушылары жас педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер болды. Олар нақты білім беру үдерісі жағдайында педагогикалық шеберлікті, педагогтің шығармашылық және жеке өзін-өзі жүзеге асыруын білдіру формаларын көрсетті.

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

bottom of page