Атбасар ауданы білім бөлімінің «Атбасар қ. 1 орта мектебі» КММ базасында қазақ және ағылшын тілдерінің екінші лингвистикалық ауысымы аяқталды. Балалар барлық кезеңде мұғалімдер өткізген сабақтарға қатысты. Сабақ барысында балалар өз Отаны мен оқитын шетел тілінің Отаны туралы көп қызықты мәлімет алды, тіл грамматикасын қайталады, ойын сайыстары мен викториналарға белсене қатысып, тілдік ортаны дамытты.
Тіл ауысымына қатысқан барлық балаларға қазақ және ағылшын тілдерін оқытуда одан әрі табыстар, сонымен қатар қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, тіл біліміне қызығушылық танытуды тілейміз.

