Жаз мезгілі балалардың сан түрлі дарынын ашып, өзінің бойындағы талантын ашуға мүмкіндік береді. Балалардың шығармашылық деңгейін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіруге, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылуына, ойын-сауық құрып, денсаулығын нығайту кезеңі болып табылады.
Осы мақсатта Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 20 шілдеде Төлеби ауданындағы Қасқасу лагеріне 50 оқушы аттанса, Қазығұрт ауданына 117 оқушы жазғы демалысын өткізуге аттанды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.