top of page

«Сырлы өнер»

Қазақ елінің тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің 115 жылдығына арналған Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Сырлы өнер» атты есеп беру көрмесі өткізілді.

Жастар арасында өнерді кеңінен насихаттау, креативті ойлау дағдыларын дамыту, бейнелеу өнеріндегі рухани құндылықтарды насихаттау, эстетикалық сұлулықты дәріптеу мақсатында өткізілген көрмеде колледж студенттерінің шығармашылық, ізденіс туындылары қойылып, көрермендерге таныстырылды.

Сондай-ақ, көрмеде кескіндеме, мүсін, қол өнер бұйымдары, ағаш бұйымдары, көркем қыш, былғарыдан жасалған бұйымдар дизайнерлік туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

bottom of page