top of page

Павлодарда І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсы өткізілді


Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыруда ұлы есімдердің істерін келешек ұрпаққа үлгі ету, ұлы баба Машһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында 2019 жылғы 15-16 мамыр аралығында алғаш рет Павлодар қаласы дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсы өтті. Республикалық конкурсты Павлодар облысы Білім беру басқармасы, Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Конкурсқа 12 облыстатан 56 оқушы 4 бағыт бойынша ұлы баба мұрасынан өз білгендерін, ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімі негізінде 28 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын - 4, ІІ орын - 8, ІІІ орын - 12. Павлодар облысы білім беру басқармасы Бас жүлде иегерлеріне – ұялы телефон, І орынға – POWER BANK, ІІ орынға - «Суретті өнер тарихы» энциклопедиясы; ІІІ орынға «Ғылым жыл өткен сайын» энциклопедиясын сыйлыққа тарту етті. Ерекше көзге түскен оқушыға Ы.Алтынсарин ат.гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Тұрсынхан Райымбекке С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу грантын табыс етті. Қазылар алқасының шешімі негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрасында Бас жүлдені Павлодар қаласы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гульнара Жанболат; І орынды – Ақтөбе қаласы М.Арын атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тауекелов Нурсерик; ІІ орынды- Маңғыстау облысы Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Қанжарұлы Мадиасқар; Нұр-Сұлтан қаласы №55 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Оркенқызы Аяулым; ІІІ орынды- Алматы облысы Іле ауданы №19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кенесбаева Айнұр; Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы № 80 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шалбай Аяжан; Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Абитилда Нұрислам иеленді; «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау бойынша Бас жүлдеге Ы.Алтынсарин ат.гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Тұрсынхан Райымбек; І орынға- Нұр-Сұлтан қаласының №58 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сайлауқызы Мадина; ІІ орынға – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы М.Әбдіхалыков ат.мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жарылғапова Саягүл; Алматы қаласы №149 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Манас Құралай; ІІІ орынға- Қостанай қаласы Рудный қаласының №7 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Алпамысова Инеш; Ақтөбе қаласы М.Құсайынов ат.облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Мұхит Ақбөбек; Қарағанды облысы №23 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жаканова Раушан лайық деп танылды; «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазуда Бас жүлдені Павлодар қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қайырбаева Айдана; І орынды – Алматы қаласы №12 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мейірханова Алма; ІІ орынды- Қызылорда облысы, №123 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бақытжан Аружан; Маңғыстау облысы №16 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шахи Әмина; ІІІ орынды- Қостанай облысы Қостанай қаласы №7 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Утемуратова Ләззат; Ақсу қаласы №1 орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Жусупова Ақбөпе; Астана қаласы дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Іңкарқызы Жансая иеленді; «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытында Бас жүлде иегері Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №274 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Налимбаева Зарина; І орынды -Ақтөбе облысы, Ембі қаласы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кенжебай Жансәуле; ІІ орынды- Қостанай облысы, Рудный қаласы №7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Маликова Аида; Қарағанды облысы №23 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Зурман Хайрол; ІІІ орынды - Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Жолдыбай Мерей; Алматы облысы, Іле ауданы №19 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Базарбай Айгерім; Маңғыстау облысы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ізтілеуова Данагүл иеленді; Арнайы номинациялармен марапатталғандар: Алматы қаласы №108 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жеткеев Қайсар; Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Тұрғанбек Ақжүніс; Екібастүз қаласы №26 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Төлеген Ұлпан; Семей қаласының дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы Ғылымбеков Айдос; Алматы облысы Іле ауданының №19 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тұрлықоджа Айнұр; Екібастұз қаласы «Зерде» мектебінің 9 сынып оқушысы Мұхтарбек Әсел; Нұр-Сұлтан қаласы №57 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Юнусова Фариза;Ақмола облысы дарынды балаларға арналған №2 мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Қуанышева Мадина марапатталды; «Бас жүлде» атанған оқушыларды дайындаған мұғалімдерді Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.Г.Османова Алғыс хатпен және «Әлихан Бөкейхан» энциклопедиясымен марапаттады, олар: Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімдері Тұрғанбек Асхат және Мухаметжанова Райгуль Жетписовна, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының № 274 орта мектебінің мұғалімі Демеуова Марихан Бериковна және Павлодар қаласы «Назарбаев Зияткерлік» мектебінің мұғалімі Ахметжанова Назаргуль Қабылқызы. Республикалық конкурсты ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға сертификат, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны туралы жинақ-кітапша табыстады және Павлодар облысының көрікті жеріне саяхат жүргізілді.

bottom of page