top of page

ЕСІМІ ӨШПЕС САРБАЗДАР

19-сәуірде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «ЖАС ҰЛАН» мектебінің жеке құрамымен КАЗБАТ құрамында Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған еске алу акциясына орай, Түркістан облысы Тәжік-Ауған шекарасы қақтығыстары ардагерлері қауымдастығының төрағасы Қадыров Нұрлан Тастемірұлы мен запастағы аға прапорщик Мулдагалиев Нұрлан Айдынгалиевичтің қатысуымен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты: Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстандық жаңа патриотизмді дамыту, болашақта әскери қызметті абыроймен атқаруға және ұландарды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Кездесу барысында мектеп ұландары қонақтармен ашық сұхбат жүргізді. Кеш қонағы Н.Қадыров ақын-сазгер ретінде шығармашылығымен бөлісіп, патриоттық тақырыпта жазған әндерін орындап берді. Аталған кездесу ұландардың Отан қорғауға деген патриоттық сезімдерінің артуына ықпалын тигізді.


bottom of page