top of page

Балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері 16 жүлделі орынды иеленді


2019 жылғы 7 сәуірде өткен жүгіруден спорттық бағдарлау бойынша чемпионаттың жазғы маусымында Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің, Май, Ертіс, Аққулы аудандарының, облыс қалаларының 150 бағдарлаушысы, оның ішінде Павлодар қ. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вертикаль», «Вертикаль 2» аулалық клубтарының 60 тәрбиеленушісі қатысты.

Жарыс нәтижелері бойынша «Вертикаль» клубының тәбиеленушілері 16 жүлделі орын алды, жетекшілері Кремер Сергей Владимирович, Дьяченко Оксана Владимировна.

Ұлдардың арасында 12 жасқа дейінгі топта І орынды Барабашин Данил, ІІІ орынды Кашин Захар, қыздардың арасында І орынды Виткова Дарья, ІІ орынды Коноваленко Карина, ІІІ орынды Комлева Анастасия иеленді.

Қыздардың арасында 14 жасқа дейінгі топта І орынға Коноваленко Карина, ІІ орынға Коноваленко Милана, ІІІ орынға Орлова Софья лайық деп танылды.

Жасөспірімдер арасында 18 жасқа дейінгі топта І орынды Рамазан Диас, ІІ орынды Герасимов Вячеслав, қыздардың арасында І орынды Роде Мария алды.

Ең тәжірибелі бағдарлаушылар тобында І орынды Дьяченко Оксана Владимировна, қыздардың арасында І орынды Смолярчук Марина, жасөспірімдер арасында І орынды Бабенко Антон, ІІ орынды Родькин Виктор, ІІІ орынды Есин Денис иеленді.

bottom of page