top of page

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасы

Атырау өңірлік дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери дайындық кабинеті 2019 жылғы 5-6 сәуірде № 30 мектеп-гимназиясының базасында Атырау облысы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында алғашқы әскери дайындық пәні бойынша «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын өткізді. Бұл олимпиада 3 кезеңнен тұрды: мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық. 3 кезеңде барлығы 642 оқушы қатысты. Облыстық олимпиадаға Атырау қаласы мен облыс аудандарынан 8 команда, команда құрамында 3 оқушыдан қатысты.

Олимпиада бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Теориялық бөлімге математика, физика, Алғашқы әскери дайындық, қазақ тілі (қазақ тілінде оқыту) және орыс тілі (орыс тілінде оқыту) бойынша 20 сұрақтан құралды. Практикаға Калашников автоматын толық бөлшектеу және жинау бойынша нормативтерді орындау, саптық дайындық, белтемірге тартылу, 100 метр жүгіру және 3000 метр жүгіру.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеке біріншілікте 1 орынды Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы - Биязов Дарын, 2 орынды Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп - интернатының 11 сынып оқушысы - Алпамысұлы Абылайахмет, 3 орынды Махамбет ауданы, Береке орта мектебінің 11 сынып оқушысы - Мардан Әліби иеленді.

Жалпы командалық есепте 1 орын - Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 2 орын – Махамбет ауданы, 3 орын – Атырау қаласы Ломоносов атындағы орта мектебіне бұйырды. Жүлделі орындарды иеленген оқушылар 17-19 сәуір аралығында Нұр-сұлтан қаласында өтетін Республикалық олимпиадада Атырау облысының намысын қорғайтын болады.

bottom of page