top of page

«Ақ шағала» қалалық хореографиялық байқауы

2019 жылғы 3 сәуірде Алматы қаласында екінші қалалық балалар-жасөспірімдер хореографиялық «Ақ шағала» байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастырушы – Алматы қаласы білім басқармасының № 3 Оқушылар үйі. Қалалық «Ақ шағала» хореографиялық байқауына қаланың 17 үздік би ұжымы қатысты - аудандық байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 269 қатысушы). Олардың арасында атақты ұжымдар, көптеген халықаралық хореографиялық байқаулардың жеңімпаздары және жеңіске жету жолында өзінің алғашқы қадамдарын жасайтын жас би ұжымдары бар.

Байқаудың қазылар алқасына өз ісінің нағыз шеберлері шақырылды. Олар – «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің хореографтары мен балет әртістері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің хореография оқытушылары.

Байқаудың бірінші бөлімінде әр ұжым қазақтың ұлттық билерін орындады. Екінші бөлімінде - біздің ел мен әлем халықтарының билері (орыс, грузин, ұйғыр, татар, өзбек, үнді және т. б.).

Таңдаудың мұндай алуан түрлілігі біздің көпұлтты қоғамымыз үшін этностық топтардың өздерінің дәстүрлі құндылықтарын ғана емес, басқа да этностардың құндылықтарын қайта жандандыруға, сақтауға және дамытуға ұмтылуы тән екенін көрсетеді.

Сайыс балалар мен педагогикалық шеберліктің тамаша алаңына айналды.

Байқау жеңімпаздарына грамоталар мен сыйлықтар табысталды. Ал бас жүлде иегері № 148 мектептің «Шолпан жұлдыздары» би ансамблі мамыр айында Ақтөбе қаласында өтетін «Ақ шағала» республикалық фестиваль-байқауына қатысатын сертификатпен марапатталды.


bottom of page