top of page

Өскемен гарнизонында әскери қызметшілердің балалары арасында спорттық жарыстар өтті

Жастар жылы, әскери-патриоттық тәрбие берулі нығайту және жаппай спортты дамыту аясында Өскемен гарнизонының Армия орталық спорт клубының спорттық кешендері базасында әскери қызметшілердің балалары арасында спорттың әскери-қолданбалы және ойын түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

Сайысқа балалар спорттық секцияларының тәрбиеленушілері қатысты. Олардың спорттық жарыстар барысында дене даярлығының жоғары деңгейін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Арлан» командасы үздік дене даярлығын паш етті. Екінші және үшінші орынға «Жас қыран» мен «Сұңқар» командалары жайғасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. «Балалар керемет ойын мен дене даярлықтарын көрсетті. Біз жас спортшыларымызды мақтан тұтамыз және әскери қызметшілердің балалары ата-аналарынан қалыс қалмай жеңістерге ұмтылып, оларды бағындырып жүргендеріне қуаныштымыз», - деді Өскемен қаласы АОСК спорт кешенінің бастығы кіші сержант Талғат Әміренов.


bottom of page