top of page

Көрісу айт мейрамы

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Жайық Жастары» педагогикалық отрядының мүшелері қазақтың Көрісу айт мейрамына сай Татарстан Республикасы Арск ауданы, Ғ.Тоқай атындағы Арск педагогикалық колледжінен келген әріптестеріне қазақтың «Қонақ күту» дәстүрін көрсетіп, табақ тарту рәсімі мен ұлттық тағам түрлері таныстырылып, дастархан мәзірін ұсынды.

Клуб мүшелері, қыздарымыз ежелден келе жатқан дәстүріміз – бұл қонақ күту екенін айтып, ешбір таныстығы жоқ жолаушы кез келген қазақтың үйіне қонуға ерікті екенін, қазақтың салт-дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналатыны және бүгінгі күнге дейін сол салт сақталғанын айтып, қонақтарға арналған «Сый табақты» дастарханға әкеліп, қазақтың еттен дайындалатын бас тағамы «Бесбармақтың» дайындалу жолдарын таныстырды.

Қонақтарымызға Ұлыстың ұлы күні дайындалатын ұлттық тағамның тағы бір түрі «Наурыз көжені» ұсына отырып, оның жеті түрлі тағамнан жасалатыны айтылды. Басқа да ұлттық тағамдарымыздың дайындалу жолдарын айтып, қонақтарға тарту етті.

Шара барысында халық әндері шырқалып, ұлттық ойындары ойнатылды.

Қонақтардан дәстүр бойынша «Қонақ кәде» сұралып, біздің тарапымыздан «Қонақ сый» берілді. Дәстүр бойынша қонақтарымыз бен қыздарымызға үлкендер тарапынан бата берілді.

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page