Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын қолдау және жүзеге асыру мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында 3 ақпан 2019 жылы үйірме тәрбиеленушілері арасында «Тараз - тарихымыздың темір қазығы» атты үздік жобалар байқауы өткізілді.
Іс шараның мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламасын түсіндіру. Ұстаздар мен тәрбиеленушілер арасында зияткерлік , адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал етуге бағыттау, бойында көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, ұстаздар арасында туризм және өлкетану орталығының жалпы жұмысын үйлестіруге баулу.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу балалар мен жасөспірімдердің туған өлкенің тарихына, оның өзіндік ерекшелігіне және мәдени, табиғи мұрасына қызығушылығын арттырып, зерттеушілік, туристік-өлкетану және ізденушілікке баулу арқылы дамыту.
білім беру жүйесіндегі оқушының оңтайлы әлеуметтік және кәсіби келбетін (имиджін) қалыптастыру және деңгейін көтеру.
Байқау міндеттері:
оқушылардың ғылымға деген ынтасын арттыру
дарынды жас оқушыларды табу әрі қолдау
жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру
білім алушылардың тарихи-өлкетану саласында оқу-зерттеушілік қызметін арттыру және дамыту;
білім алушыларды отан сүйгіштікке, туған өлкенің тарихын білуге, табиғи және мәдени мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
байқауды Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі және «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізеді. байқаудың ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
Байқауға 8 – 9 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады. Әр үйірмеден 1 ғана оқушы қатысады.
Байқаудың өткізілген орны: Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылы, С.Ақүрпек көшесі №42 «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» КМҚК ғимаратында
Орындаған: Баймусаева Н.Т.