top of page

«Сәндік қолданбалы өнер сабақтарында балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» біліктілікті арттыру к

Қазақтың қазақ болуы өз елінің, өз жұртының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жетік білуінен басталады. Енді ғана тарихымызды тірілтіп, баяғы ұмыт қалғанымызды жаңғыртып, оны өз дәрежесінде зерттеуге зейін қойған сыңайымыз бар, тарихымызбен сабақтас қазақтың қолөнеріне, ою-өрнектеріне кезінде жете мән берілмеді десек артық айтқандық болмас. Қазақ елінің тыныс-тіршілігінде, тұрмысында кеңінен пайдаланып келе жатқан ата кәсібінің тереңдігін, мол мәдениетін танытатын, алайда әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе жатқан өнер саласы.

Көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Еліміз егемендік алып, өз салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тарихын зерттеп , дінін, тілін қайта жаңғыртып жатыр. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді.

Осы орайда, ҚР БҒМ тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру орталығы 2018 жылғы 1-9 қазанда Шымкент қаласында «Сәндік қолданбалы өнер сабақтарында балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырып өткізді.

Курсқа барлығы 66 тыңдаушы қатысты.

bottom of page