top of page

Облыстық Оқушылар Сарайы 40 жылдық мерейтойын атап өтті

2018 жылғы 5 қарашада Павлодар облыстық Оқушылар сарайы 40 жылдық мерейтойын тойлады. Оқушылар сарайы – бұл балалардың шығармашылық ордасы. Бұл білім ордасында әйгілі әртістер, журналистер, қоғам қайраткерлері өздерінің еңбек жолын бастаған.

16 қарашада «Достар арасындағы мерейтой» мерекелік фестиваль өткізілді. Мерейтойға Павлодар облысы білім басқармасының басшылары, Ішкі саясат басқармасы, «Өрлеу» ПКҰО-дан құрметті қонақтар келді. Бұл күні Оқушылар сарайын мерейтоймен құттықтауға Павлодар облысы Маслихаты, ЕИнУ, білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы облыстық ұйымы, «Ертіс дарыны» оқу-әдістемелік орталығы өкілдері келді.

Сонымен қатар мерекеге Астана, Қарағанды және Ақтөбе облыстарынан және Павлодар облысының қала мен аудандарынан әріптестер келген болатын.

– Біз Оқушылар сарайының табалдырығын аттаған кезде, біздің балалардың қандай талантты екендігін байқаймыз. Бұл өздерінің қажырлы еңбектерімен жарық жұлдыз тәрбилеп отырған ұстаздардың арқасында, - деді Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

– М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы – бұл ерекше, шаттыққа толы мекен. Біз бұл жерге қуаныш сезіммен келеміз, бұл білім ордасында өз ісінің шеберлері жұмыс істейді, сонымен қатар олар өзінің тәжрибелерімен қуана-қуана бөліседі, - деп өз ойымен бөлісті ҚР ҒБМ ҚББРОӘ-ның ақпараттық-аналитикалық орталығының басшысы Татьяна Казарина.

Фестиваль шеңберінде Оқушылар сарайының педагогтері әр түрлі бағыттар бойынша шеберлік сыныптар өткізді. Олар қатысушылардан жоғары баға алды.

Бұл күні ардагер-ұстаздар «Сарай кейіпкерлері» атты галереясының ашылғанына қуанды. «Оқушылар сарайының негізін қалаған жандар» кітабының тұсаукесері ерекше өтті. Кеш соңыңда «Достар арасындағы мерейтой» мерекелік бағдарламада Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері сахна төрінде үздік ән мен биді ортаға салды. Мерекелік бағдарламада ұстаздар әннен шашу шашып, жиналған қауымды таң қалдырды. Оқушылар сарайына асу белестер мен жеңістер тілейміз!

bottom of page