top of page

Алматы қаласы Білім басқармасы №3 Оқушылар үйі

2018 жылы қосымша білім беру жүйесі өзінің жүз жылдығын атап өтуде. №3 Оқушылар үйі Алматы қаласындығы ең алғашқы Оқушылар үйінің бірі. Осы жылдың желтоқсан айында №3 Оқушылар үйіне 49 жыл болады. Осында осы уақытқа дейін мыңдаған оқушы өздерінің жан қалауы бойынша білім алып, тіпті кейбірінің болашақ мамандығын таңдауына ықпал етті.

Осы кезеңге дейін Оқушылар үйі қосымша білім беру жүйесіндегі үздік мекеменің бірі болып келеді. 2013 және 2014 жылдары №3 Оқушылар үйі Халықаралық рейтингтер одағының шешімімен өз саласының ең үздігі ретінде танылып, Ұлттық сертификаттармен және «Сала көбасшысы» белгісімен марапатталды. Бұл педагогтардың кәсіби шеберлігі мен өз істеріне деген берілгендігінің нәтижесі.

Қосымша білім беру жүйесінің 100 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты Оқушылар үйінде іс-шаралар жоспары жасалған. Ұйымдастырылатын іс-шаралардың қатарына қолөнер жұмыстары бойынша көрмелер, шығармашылық ұжымдардың концерттері, ата-аналар жиналысы, Оқушылар үйінің педагогтарына арналған «ҚР білім беру жүйесіндегі қосымша білім берудің рөлін арттыру» атты семинарлар кіреді.

Шығармашылық ұжымның концерті

№ 3 Оқушылар үйінің педагогтарына арналған семинар

Қосымша білім беру жүйесінің 100 жылдығы мерейтойына байланысты 1-13 қазан аралығында №3 Оқушылар үйінде «Созвездие талантов» атты отбасылық акция ұйымдастырылды. Акция қорытындысы бойынша үлкен көрме безендірілді.

№3 Оқушылар үйінде 2018 жылдың 13 қазанында қосымша білім беру жүйесінің 100 жылдығы мерейтойына арналған «Жаңа жұлдыздарды жағамыз» атты отбасылық мереке ұйымдастырылды. Мерекеде Оқушылар үйінің соңғы жылдары жеткен жетістіктерінің шеруі өткізіліп, Оқушылар үйінің дамуына үлкен үлес қосқан педагогтарға құрмет көрсетілді, шығармашылық ұжамдар концерт қойып, ата-аналар мен балаларға арналған ойын бағдарламалары ұйымдастарылды. Мерекеге 700-ден аса адам қатысты.


bottom of page