top of page

«Достар күні»

12 қазан Астана қаласының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қоғамы «День друга» атты қайырымдылық жобасын ұйымдастырды. Бұл жобаға Астана қаласының № 2 Өнер мектебінің өнерпаз балалары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шараға №2 Өнер мектебінің домбырашылар, қобызшылар ансамблі және бишілер атсалысты. Концерт ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналғандықтан аниматорлар, қызықты ойындар, концерт және тосын сыйларға толы болды.

Осы орайда мектебіміздің атынан өнерлі оқушыларға тәрбие беріп жүрген ұстаздарымыз Т. Каскенева, Ж. Күмісбекова, Н.Айжарықов, Ж.Рамазан, Б. Баймурзаевтарға алығысымызды білдіреміз. Балаларымыз бақытты болсын!!!


№2 Өнер мектебінің ұжымы

bottom of page