top of page

Хамза АБДУЛЛИН (1919-2001) – майдангер жазушы, аудармашы


Хамза АБДУЛЛИН (1919-2001) – майдангер жазушы, аудармашы. Екі жоғары оқу орнын тәмамдаған. Алғашында 1932-1936 жылдары Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы жұмысшылар факультетінде (рабфак) оқыса, кейін Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын бітірген. 1941 жылы әскерге алынады, соңы соғысқа ұласып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерь тауқыметін басынан өткерген. Кейін Мұстафа Шоқай ұйымдастырған Түркістан легионының қатарында болған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, «Шойын жолда» атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды. Мағжанды көрген адам осы – Хамза Абдуллин. Мағжан ұсталып кеткенге дейін кездесіп тұрған, бірнеше рет үйінде болған. Хамза Абдуллин шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. Солардың елеулісі – Грузияның ұлы ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» дастаны.

bottom of page