top of page

ЛАЙФХАК: КЕЗ КЕЛГЕН СУРЕТШІНІҢ СУРЕТІН 5 СЕКУНДА ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ

Мұражайларда, сурет галереялары мен көрмелерінде мыңдаған суретшілердің туындылар ұсынылған.

Арнайы білімсіз аз уақыт аралығында суреттің авторын анықтау мүмкін бе?

Әрине мүмкін! Басты құпия – қалыптасқан әр суретшінің өзіндік стилі бар және автордың салған суретін қатесіз анықтауға мүмкіндік беретін түйін белгілерін есте сақтаса болғаны.


Кейіпкерлердің денелері азаптау машинасынан шыққандай болса, бұл Пикассо болғаны

Босх өз суреттеріне не істеп жатқандары түсініксіз кішкентай адамдарды орналастырғанды ұнататын

Деганың сүйікті тақырыбы – балериналар

Мадонна, бұйра шаштар, библиялық кейіпкерлер Да Винчиға тән

Сурет кейіпкерлері Путинға пародия сияқты көрінсе, оларды ван Эйк салған болар

Суретті зерттеуде ойыңызға асқынған нашақорлық келсе, бұл Сальвадор Дали суреттері

Микеланджело үшін жалаңаш, жалмаңдай, шамамен мәпелелі денелер әдемі болып саналады

Қиылысқан қасы бар әйел беті – Фридаға тән қолдаңба

Караваджо суреттерін анықтау қиын емес, оның суретіндегі барлық ер адамдар бұзау көздері бар бұйра шашты әйелдерге ұқсайды

Қараңғы фонда жақындатылған қайғылы келбеттер ме? Бұл Тицианның қолтаңбасы болуы әбден ықтимал

Рембрандттың қолынан майлы шамдар жарығындағы, қараңғы көшедегі қаңғымалар жақсы шығатын

Күнделікті, үйреншікті фондағы аса көп кішкентай адам суреттері Брейгельге тән. Босхпен шатастырмау керек

bottom of page