top of page

Жұмыстан қол үзе отырып, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымд

2018 жылғы 4 – 12 маусымда Астана қаласында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Балалар қоғамдық ұйымының жұмысын ұйымдастыру нысандары және әдістері» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) өткізілді.

Курстың мақсаты: заманауи Қазақстанның балалары мен жастарын азаматтыққа тәрбиелеудің негізгі бағыттары, нысандары және әдістері бойынша педагог жұмыскерлердің білімдерін жаңғырту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін жағдай жасау.

Курстың міндеттері:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердегі, қосымша білім берудегі оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;

2) білім алушының тұлғасын әлеуметтендіру және тәрбиелеудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;

3) балалар қоғамдық ұйымдарда педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе балалар қоғамдық ұйымында тәрбие процесін жобалау;

4) балалар қоғамдық ұйымдарының үздік жетістіктер және білім алушының тұлғасын әлеуметтендірудің үздік тәжірибесімен таныстыру;

5) балалар қоғамдық ұйымының педагогтеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.

Әлеуметтік-педагогикалық бағытта қосымша білім беру жүйесінде педагог тұлғасы балалар мен жасөспірімдердің бағытты таңдауда, сондай-ақ өзін өзі анықтаудағы әрі қарайғы жолын таңдауда да маңызы аз емес. Қосымша білім беру жүйесі ұсынатын өзі өзі таныту мүмкіндіктері есебінен жастардың өз өмірлерінің сапасына деген қызығушылықтарын арттыру – білім беру жүйесін табысты дамытудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Курс блокты-модульды тәсілде негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.

Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық және нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңару бағыттары бойынша мәселелерді ашады.

Психологиялық-педагогикалық модуль балаларды тәрбиелеуде жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.

Теориялық-технологиялық модуль жаңа педагогикалық, жобалық және зерттеу технологияларды, қосымша білім беру ұйымдарындағы жұмыстың мазмұны мен түрлерін, оларды қолдану ерекшеліктерін, негізгі күтілетін нәтижелерді ашады.

Курстың практикаға бағдарланған модулі педагогикалық қызметті практикаға бағдарланған білімге көшу жағдайында жетілдіруге, практикалық сабақтарының барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: балаларға арналған қосымша білім берудегі әлеуметтік-педагогикалық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың басшылары, педагог жұмыскерлері.

Тыңдаушылардың саны – 66 адам. Теориялық және практикалық сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.

Теориялық және практикалық сабақтарды «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының Одағы мен "Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің өкілдері, сонымен қатар №22 мектеп-гимназиясының психология және педагогика пәндерінің педагогтері жүргізді.

Тыңдаушылар біліктілік арттыру курсының білім беру процесіндегі өзекті технологиялармен танысуға, кейбір инновациялық білім беру технологияларын тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік беретінін және курсты өткізудің ұйымдастырылуына өзінің ризашылықтарын жеткізді.

Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.

bottom of page