top of page

Жұмыстан қол үзе отырып, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымд

2018 жылғы 14-22 мамырда Өскемен қаласында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы музыкалық теориялық пәндерді оқыту» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) өткізілді.

Курстың мақсаты: музыка бағытында балаларға арналған қосымша білім беру педагог жұмыскерлердің білімдерін жаңғыртуға және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау.

Курстың міндеттері:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердегі, музыкалық қосымша білім берудегі, оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;

2) музыкамен жұмыс жағдайында тәрбиелеудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;

3) педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе музыкалық қосымша білім берудің нақты оқу пәнінің мәнмәтінінде тұтас білім беру үдерісін жобалау;

4) педагогтерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.

Курс балаларға қосымша білім берудің музыкалық бағыттарын дамытуға және әрі қарай жетілдіруге қатысты мәселелерді қамтиды, теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және педагогтердің кәсіби дағдыларын кеңейтуді, оқу-зерттеушілік қызметті басқару бойынша білімдерін тереңдетуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жоғары дамыған негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтиды.

Курс блокты-модульды тәсілде негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.

Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық, нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңғыру бағыттары бойынша сұрақтарды ашады.

Психологиялық-педагогикалық модуль жас балаларды тәрбиелеуде жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.

Теориялық-технологиялық модуль жаңа педагогикалық, жобалық және зерттеу технологияларын, қосымша білім беру ұйымдарындағы музыкалық және көркемдік-эстетикалық жұмыстың мазмұны мен түрлерін, оларды қолдану ерекшеліктерін, негізгі күтілетін нәтижелерді ашады.

Курстың практикаға бағдарланған модулі практикаға бағдарланған білімге көшу жағдайында педагогикалық қызметті жетілдіруге, музыка бағыты бойынша тәжірибе сабақтарының барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: музыкалық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог жұмыскерлері.

Тыңдаушылардың саны- 66 адам. Теориялық және практикалық сағаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.


Теориялық және практикалық сабақтарды Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің музыкалық білім беру, психология және түзету педагогикасы кафедрасының жоғарғы білікті профессорлық-оқытушылық құрамының кадрлары, Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары, Халық әртісі ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің жоғарғы санатты оқытушылары, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, №1 Балалар музыка мектебі директорның орынбасары және педагогтері жүргізді.


Тыңдаушылар біліктілік арттыру курсының білім беру процесіндегі өзекті технологиялармен танысуға, кейбір инновациялық білім беру технологияларын тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік беретінін және курсты өткізудің ұйымдастырылуына өзінің ризашылықтарын жеткізді.

Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.

bottom of page