top of page

Жұмыстан қол үзе отырып, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымд

Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Балаларға қосымша білім берудің сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін қамтамасыз ету» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) 2018 жылғы 14-22 мамырда Ақтөбе қаласында өткізілді.

Курстың мақсаты: басшылар мен педагог жұмыскерлердің білімін жаңартуға және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау.

Курстың міндеттері:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердегі, қосымша білім беру мазмұнындағы, оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;

2) қосымша білім беру жағдайында тәрбиелеудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;

3) педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе қосымша білім берудің нақты оқу пәнінің мәнмәтінінде тұтас білім беру процесін жобалау;

4) педагогтерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.

Курс балаларға қосымша білім беруді дамытуға және әрі қарай жетілдіруге қатысты мәселелерді қамтыды, теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және педагогтердің кәсіби дағдыларын кеңейтуді, оқу-зерттеушілік қызметті басқару бойынша білімдерін тереңдетуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жоғары дамыған негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қарастырады.

Курс блокты-модульды тәсілде негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.

Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық және нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңару бағыттары бойынша мәселелерді ашады.

Психологиялық-педагогикалық модуль балаларды тәрбиелеуде жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.

Теориялық-технологиялық модуль жаңа педагогикалық, жобалық және зерттеу технологияларды, қосымша білім беру ұйымдарындағы жұмыстың мазмұны мен түрлерін, оларды қолдану ерекшеліктерін, негізгі күтілетін нәтижелерді ашады.

Курстың практикаға бағдарланған модулі педагогикалық қызметті практикаға бағдарланған білімге көшу жағдайында жетілдіруге, практикалық сабақтарының барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: басшылар мен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог жұмыскерлері.

Тыңдаушылардың саны – 71 адам. Теориялық және практикалық сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.

Теориялық және практикалық сабақтарды ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, Ақтөбе облысы білім басқармасы қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Шығармашылық Академиясының, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогтері жүргізді.


Тыңдаушылар біліктілік арттыру курсының білім беру процесіндегі өзекті технологиялармен танысуға, кейбір инновациялық білім беру технологияларын тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік беретінін және курсты өткізудің ұйымдастырылуына өзінің ризашылықтарын жеткізді.

Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.

bottom of page