top of page

Жұмыстан қол үзе отырып, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымд

2018 жылғы 14-22 мамырда Қарағанды қаласында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары – балаларды дамытудың ресурстық орталықтары» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) өткізілді.

Курстың мақсаты: қосымша білім берудің педагог жұмыскерлерінің білімдерін жаңғыртуға және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау.

Курстың міндеттері:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердегі, көркемөнер бағытында қосымша білім берудегі, оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;

2) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары жағдайында тәрбиелеудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;

3) педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе қосымша білім берудің негіздерін мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының білім беру процесінде жобалау;

4) педагогтерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.

Курс балаларға қосымша білім беруді әрі қарай дамытуға және жетілдіруге қатысты мәселелерді қамтиды, теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және педагогтердің кәсіби дағдыларын кеңейтуді, оқу-зерттеушілік қызметті басқару бойынша білімдерін тереңдетуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жоғары дамыған негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қарастырады.

Курс блокты-модульды тәсілде негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.

Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық, нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңару бағыттары бойынша мәселелерді ашады.

Психологиялық-педагогикалық модуль балаларды тәрбиелеуде жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.

Теориялық-технологиялық модуль жаңа педагогикалық, жобалық және зерттеу технологияларды, қосымша білім беру ұйымдарындағы музыкалық және көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкентану бағыттағы жұмысының мазмұны мен түрлерін, оларды қолдану ерекшеліктерін, негізгі күтілетін нәтижелерді ашады.

Курстың практикаға бағдарланған модулі практикаға бағдарланған білімге көшу жағдайында педагогикалық қызметті жетілдіруге, музыкалық және көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкентану бағыты бойынша тәжірибе сабақтарының барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог жұмыскерлері.

Тыңдаушылардың саны- 66 адам. Теориялық және практикалық сағаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.

Теориялық және практикалық сабақтарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарма басшысы, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары, «Колобок» балалар шағын орталығы түзету жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, сондай-ақ Қарағанды қаласы Балалар мен жеткіншектер сарайының қосымша білім беру педагогтері жүргізді.


Тыңдаушылар біліктілік арттыру курсының білім беру процесіндегі өзекті технологиялармен танысуға, кейбір инновациялық білім беру технологияларын тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік беретінін және курсты өткізудің ұйымдастырылуына өзінің ризашылықтарын жеткізді.

Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.

bottom of page