top of page

ЮНЕСКО-мен бірге 10 жыл!

Бүгін 2018 жылдың 27 сәуір күні Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубы ЮНЕСКО аясында республикалық іс-шара ұйымдастырды. Тұңғыш рет облысымызда Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық өкілдігі ашылды. Өкілдіктің салтанатты ашылуы және пресс- конференциясы Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті.

Облысымыздағы ЮНЕСКО Клубтары қатарына енген 7 білім мекемелері өздерінің жыл бойғы жұмыстарының презентациясын жасады. Пресс-конференцияға Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының аймақтық даму бойынша Вице-Президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы қатысты.

Мереке Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО Клубының «ЮНЕСКО-мен бірге 10 жыл!» тақырыбындағы іс-шарасына ұласты.

Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі мен Түркістан қаласының қолөнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары «Өнерлі бала өмірге ғашық!» тақырыбындағы шеберлік-сыныптарын тарту етсе, «Ақбота- Ару» бөбекжай-балабақшасының балдырғандары өз өнерлерімен келген қонақтардың сүйіспеншілігіне бөленіп, керемет көңіл күй сыйлады!

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page