• 18 апр. 2018 г.

ЗЕЙТІН АҚЫШЕВ


Зейтін Ақышев (1911–1991) - 18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды.

1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды.

1955–1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965–1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970–1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды.

1930 жылдың мамыр айында «Ағаш үй» атты тұңғыш өлеңі Павлодардың округтік «Колхоз» газетінде басылды. Содан бергі жылдар ішінде бірнеше әңгіме, повесть, романдары жеке-жеке жарық көрді. Бірталайы орыс тіліне аударылды. Драматургия саласында да («Жаяу Мұса», «Келіндер») еңбек етті. В.Панованың «Кружилиха» романын (1952), А.Куприннің «Жекпежек» повесін (1955), Я.Коластың «Талап атай» повесін (1956), т.б. қазақ тіліне аударды.

Шығармалары: Біздің шамшырақтар. Очерктер. А., 1962; Достарым менің. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1967; Ақбел асуы. Роман. А., «Жазушы», 1975; Жесірлер. Бұршақ соққан жер. (Дилогия). А., «Жазушы», 1973, 1976; Жаяу Мұса. Роман. А., «Жазушы», 1981.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kzhttp://adebiportal.kz/kz/authors/view/1285


  • афиша каз

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More