top of page

Ғаббас Қабышұлы-жазушы – сатирик


83 жыл бұрын (1935) жазушы-сатирик, Қазақстанның құрметті журналисті, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ дүниеге келді.

Шығыс Қазақтан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1956-1966 жылдары - «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінің корректоры, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторы. 1966-1974 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, редакторы. 1974-1983 жылдары - КСРО Әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры. 1983-1988 жылдары - «Ара» - «Шмель» әзіл-сықақ журналының бас редакторы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының Көркем аударма және әдеби байланыс бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, төрағасы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1995-1996 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін атқарған.

Алғашқы әзіл-сықақ әңгімелері 1966 жылы «Шұғыла» жас жазушылар жинағында жарық көрген. 1970 жылы жазушының алғаш рет «Мінездеме» атты жинағы шыққан. «Мысықта неге сақал жоқ?», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім..», «Халіңіз қалай?», «Кадр мәселесін ... мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Адамның кейбір кездері» атты кітаптардың авторы.

А.Чеховтың, О.Вишнянның, И.Друцэнің, А.Несиннің, А.Бусуйоктың, Б.Нушичтың, Д.Ленчтің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/9-sauir-kazakparat-kuntizbesi-atauly-kunder-okigalar-esimder_a3210109

bottom of page