
Жасанды жер бедерінде туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты 21-24 наурыз айы аралығында Ақмола облысы, Астана қаласы, Тамшалы көшесі 24, №19 спорт мектебінде өткізілді. Жарыс бағдарламасы 5 қашықтықтан тұрды: «командалық», «жеке», «байлам», «техникалық», «спелео». Батыс Қазақстан облысының құрамынан балалар және жасөспірімдер жас ерекшелігі бойынша 2 топ қатысты. Жарыстың қорытындысы: - «техникалық» қашықтығы (жасөспірімдер) - 2 орын; - «байлам» қашықтығы Неталиев Карим, Айтжан Артур – 2 орын; - «жеке» қашықтығы бойынша ерлер арасында Неталиев Карим – 1 орын; - «жеке» қашықтығы бойынша қыздар арасында Лукпанова Рая – 3 орын; - Жалпыкомандалық есеп бойынша – 3 орын.

