top of page

Ерекше көрме: 3-D сурет өнері

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық Балалар шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 1-наурыз білім алушыларға ақпараттық технологиялар саласында шығармашылыққа тарту, танымдылық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында «Көркем сурет» үйірмесі мүшелері арасында «Ерекше көрме: 3-D сурет өнері» тақырыбында көрме-байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Бітік, Алғабас, Базартөбе, Краснояр, Алмалы, Талап, Ж. Молдағалиев және БШО-ның сурет үйірмесі мүшелерінің ұсынылған жұмыстары байқаудың тақырыбына және талаптары мен ережелеріне сай А3 форматында, кез-келген материялда, кез-келген техникада орындалған (май, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш, борлар және т.б.), техникалық сапасы, композиция тепе-теңдігі мен түстер үйлесімділігінің сақталуы, жұмыстың ерекшелігі және мазмұндылығы бағаланып қатыстырылды.

Байқау нәтижесі бойынша І-орын «Батпақ бақасы» тақырыбымен балалар шығармашылығы орталығының «Көркем сурет» үйірмесі мүшесі Ли Оспан, жетекшісі Қайсар Сисенгазиев; ІІ-орын «Жолбарыс» тақырыбымен Базартөбе ОЖББ мектебінің «Сурет» үйірмесі мүшесі Зинешова Данагүл, жетекшісі: Нұрбек Карагулов; ІІІ-орын «Башня» тақырыбымен Бітік ОЖББ мектебінің «Қолөнер» үйірмесі мүшесі З. Рамазан, жетекшісі Алия Сарсенгазиева тиісті дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Балаларды шын жүректен құттықтаймыз! Биіктерден көріне беріңіздер!

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page