top of page

«Жүзден жүйрік» туристік-өлкетану бағытындағы жарыс

Ақтөбе қаласының Жас туристер станциясы қысқы демалыс кезінде №45 орта мектептің базасында туристік - өлкетану бағытында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып өткізді.

Жарыстың мақсаты: оқушылардың туристік-өлкетану белсенділіктерін арттыру, ұжымдық істе шеберлік пен бірлікке дағдыландыру, оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақыттарын ұтымды пайдалану.

Жарыс барысында оқушылар өлкетану бағыттарындағы түрлі тапсырмаларды орындап, спорт-туристік жол кедергілерінен өтті. Жарыста оқушылар командаларға бөлініп, 7 кезеңнен тұратын жол кедергілерінен өтті, олар: «Көңілді секіру», «Жалауды жеткіз», «Табысты өнім», «Кенгуру», «Шеңбер ішіндегі қақтығыс», «Қақпан», «Кім жылдам» кезеңдері. Жарыс ойын-эстафета түрінде ұйымдастырылып, өте қызықты, әрі тартымды өтті.

«Жүзден жүйрік» туристік - өлкетану бағытындағы жарысқа 5-7 сынып аралығындағы 40-қа жуық бала қатысып, сынға түсті.

Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, Қалалық жас туристер станциясының мақтау қағаздарымен марапаттады:

І орын – «Саяхат» командасы;

ІІ орын – «45 алауы» командасы;

ІІІ орын – «№ 64 ЖББОМ» командасы;

ІІІ орын – «Жігер» командасы.

Комментарии


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы, Туран көшесі 55Б

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 57-41-49

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі: 8 (7172) 57-41-60

Туризм, экология және техника бөлімі: 8 (7172) 57-41-52

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі: 8 (7172) 57-41-57

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі: 8 (7172) 57-41-53

Қосымша білім беру және балалардың әл-ауқаты бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы: 8 (7172) 57-41-17

Бухгалтерия: 8 (7172) 57-41-48

 

E-mail: mprkrumcdo@gmail.com

 

© РҚББОӘО ОАМ

bottom of page