top of page

Ұлттық музейде балаларға арналған жаңа экспозиция таныстырылды



«Бүгін Ұлттық музейде оқу жылының алғашқы күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» мәдени-білім беру экспозициясын таныстырамыз. Жоба арқылы рухани дамуға, жас ұрпақты Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, географиясына баулуға бағытталған балалар экспозициясы ашылады. Экспозициялық жоба 10 ақпараттық бөліктен құралған, онда Қазақстанның археологиясы, этнографиясы, тарихы мен мәдениеті, табиғаты туралы айтылады», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин жоба таныстырылымында.

Экспозицияда балалардың өздері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, қазақ тағамдарымен танысып, ұлттық ойындарды ойнап, қазақ халқының салт-дәстүрін баяндайтын бейнероликтерді көре алады. Экспозициялық жобалар балаларға ежелгі заттарды жақыннан тамашалауға және ұстап көруге мүмкіндік береді. Осылайша балалар халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді.

«Бізде арнайы оқыту бағдарламасы әзірленді, онда түрлі сабақтар мен квесттер өткіземіз, балалар бәріне тегін қатыса алады. Егер мектептер қосымша іс-шара өткізгісі келсе, оған да көмектесеміз. Жыл соңына дейін арнайы QR-кодтар жасауды жоспарлап отырмыз, ол арқылы нашар көретін, саңырау адамдарға арналған контент қолжетімді болады, жалпы бәрін жетілдіре түсеміз», - дейді А. Сатубалдин.

Сондай-ақ, музейде мектептермен және түрлі білім беру ұйымдарымен жұмыс істейтін арнайы музей педагогикасы орталығы жұмыс істейді. Балаларға арналған барлық тапсырмалар мен ойындар сол мамандардың ұсыныстарымен әзірленген.

Бұл жоба түрлі-түсті безендірілген 10 ақпараттық және ойын бөліктерінен тұрады, олар балаларға қолжетімді құралдар арқылы Қазақстанның тарихымен және табиғатымен таныстырады. Экспозициялық зал кіреберісінде еліміздің ежелгі қалалары, кесенелері мен басты көрікті жерлері бейнеленген географиялық карта орналасқан.

Төрт түйе балаларды Ұлы Жібек жолының картасына алып барады, онда керуен өткен барлық елдер мен қандай жәдігерлер табылғаны жазылған. Балалар өздерін нағыз археолог ретінде сезінуі үшін құмнан түрлі фигуралар мен экспонаттар табуы керек. Қыздар пішу мен тігуді үйренеді, ал ұлдар күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарды ойнай алады. Сонымен бірге, саздан мүсін жасау мүмкіндіктері де қарастырылған. Қызықты сапар соңында балалар өз пікірлерін тілектер кітабына қалдыра алады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ulttyk-muzeyde-balalarga-arnalgan-zhana-ekspoziciya-tanystyryldy_a3831964

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page