Жанқожа батыр атындағы #269 орта мектепте 07 сәуір күні "Ұшқыр ой алаңы "дебат жобасының жетекшісі Оспанова Әсел мен Есқалиева Самалдың ұйымдастыруымен "БП ата-аналардың баласының әлеуметтік желілеріне кіруіне мүмкіндік болуы керек деп есептейді" тақырыбында мектепішілік дебат өткізілді. Мақсаты: оқушылардың дебаттық қозғалысын дамыту, жалпыұлттық мәдени - білім беру жобасын іске асыру, білім алушылардың командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Қатысушылар ойын барысында уақытты ұтымды пайдалана отырып, өз позицияларын қорғай алды. Ойын өте тартысты да, қызықты өтті. Ойын барысында оқушылар өздерінің ұшқыр ойларымен және тапқырлық, шешендік қасиеттерімен ойынды өте жоғары деңгейде көрсете алды. Нәтижесінде "Болашақ" фракциясы жеңіске жетті. Аймақтық кезеңге жолдама алған фракцияға сәттілік тілейміз.
Дереккөзі: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02taqDn8vHSh3vQX2LrFgX5gkCwv9GG7GqF9KMovyr8tcZo775DLEZKCFhgWpCnJz8l&id=100041775437462
コメント