top of page

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры

«Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры 2017 оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласында педагогикалық білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі ғылымның дамуына қолдау көрсету мақсатында үздіксіз жұмыс атқарып келеді.

Қоғамдық қордың негізгі мақсаты: жетім балалар мен тұрмыс жағдайы нашар оқушыларға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын созып, дарынды һәм талантты балаларды жарыққа шығарып, оларға жан-жақты қолдау көрсету, отандық мәдениет, өнер, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, адамгершілік және этикалық қағидалар мен мәдени құндылықтарды насихаттау.

Қоғамдық қор 2017-2019 оқу жылдарында өз жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларға, мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге, студенттерге, оқытушыларға, мұғалімдерге және тәрбиешілерге арналған халықаралық, республикалық деңгейде ашық түрде және қашықтықтан байқаулар өткізді. «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қорының» жарғысы бойынша барлық іс-шаралар ақылы түрде өткізіледі. Іс-шарадан түскен қаражаттың 20% қайырымдылық мақсатында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан оқушыларға, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлініп келді. Сонымен қатар қоғамдық қордың жоспарына сәйкес балалар үйінің тәрбиеленушілері іс-шараларға тегін қатыстырылады. Әр ауқымды іс – шара қорытындысында қоғамдық қор қамқорлық қолын ұсынып, қайырылымдылық жасап отыр. Солардың бірі Шымкент қаласында «Жас ғалым – XXI ғасыр көшбасшысы» тақырыбында Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясын өткізген болатын. Конференция нәтижесінде «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорының атынан №4 Шымкент балалар үйінің тәрбиеленушісі Пустовойтова Александра Андреевнаға және «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Зленко Наталья Сергеевнаға 100 000 (жүз мың) теңге ақшалай сертификат берілді.

Ақтөбе қаласында тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Ғылымның үшінші мың жылдықтағы жандануы» атты ІІ Республикалықғылыми – тәжірибелік конференциясының нәтижесінде Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 80 000 (сексен мың) теңге ақшалай сертификат табысталды.

Ақтау қаласында Қазақстанның үшінші жаңғыруы, яғни Елбасымыз ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» бірнеше қағидаларын алдымызға мақсат ете отырып,«Болашаққа бағдар – жаңартылған білімнің өзекті мәселесі» тақырыбында мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне және жас ғалымдарға арналған ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Сондай-ақ, осы конференциядан түскен қаражаттың бір бөлігі Маңғыстау облыстық аз қамтылған және денсаулығы шектеулі, ерекше білімді қажет ететін төмендегі балаларға 100000 (жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды:

· Ермахан Назерке - Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Оқушы орталығы» арнайы мектебінің 4 сынып сынып оқушысы;

· Сарбасова Карина – Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы №12 орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

· Амантай Диляра- Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Оқушы орталығы» арнайы мектебінің 3 сынып оқушысы;

· Медешова Перизат - Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Калдыгараев орта мектебінің

5 сынып оқушысы.

2018 жылдың 26-27 қазан күндері Қоғамды қор Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелкететтік университетімен бірлесіп«ХХІ ғасыр дарындылары» тақырыбында мектеп оқушыларына, студенттерге және жас ғалымдарға арналған IV Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференциядан түскен қаражаттың бір бөлігі Шымкент қаласындағы аз қамтылған ерекше білімді қажет ететін балаларға 80 000 (сексен мың) теңге қайырылымдылық есебінде бөлінді. Ол оқушылар:

· Абділда Дильназ – Шымкент қаласы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп – интернатының» 10 сынып оқушысы;

· Шыныбаева Шахризада - Шымкент қаласы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп – интернатының» 11 сынып оқушысы;

· Маденова Арнур – Шымкент қаласы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп – интернатының 3 сынып оқушысы;

· Орынбасар Кәусар - Шымкент қаласы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп – интернатының 2 сынып оқушысы.

2019 жылдың наурыз айының 14-15 жұлдызында Қоғамды қор Жастар жылына орай, Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелкететтік университетімен және «SILKWAY» Халықаралық университетімен бірлесіп мектеп оқушыларына, колледж студенттері мен жас зерттеушілерге арналған "Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы IT-технологиялар мен робот техникасының заманауи ғылыми әлемі" атты І Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясын өткізген болатын. Конференциядан түскен қаражаттың бір бөлігі Шымкент қаласындағы аз қамтылған ерекше білімді қажет ететін балаларға 50 000 (елу мың) теңге қайырылымдылық есебінде бөлінді.

2019 жылдың сәуір айының 12-13 жұлдызында Қоғамдық қоры мен «Тұран» университеті бірлесіп «Қазіргі заманғы ғылым: жаға көзқарас» атты мектеп оқушыларына, колледж студенттері мен жас зерттеушілерге арналған V Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясынөткізген болатын. Конференциядан түскен қаражаттың бір бөлігі Алматы қаласы «Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №7 арнайы түзету мектеп-интернатының талантты тәрбиеленушілеріне қайырымдылық есебінде 50 000 (елу мың) теңге ақшалай сертификат бөлінді.

Ол оқушылар:

· Букеев Сергей – Абу –Даби қаласында өткен Халықаралық арнайы ойындарының екі мәрте жеңімпазы;

· Ертасова Аяулым – қыздар арасында дзюдо бойынша күміс медалінің иегері.

Сонымен қатар 2019 жылдың сәуір айының 17 жұлдызында Қоғамды қор Жаркент қаласында мектеп оқушыларына, аудан жастарына және жас мамандарға арналған «Ұлы Жібек жолдарының жырлары» атты облыстық әдеби шығармашылық байқауын өткізген болатын. Байқаудан түскен қаражаттың бір бөлігі Жаркент қаласының төмендегі оқушыларына қайырыдылық есебінде бөлінді:

· Байдолда Олжас – Көктал орта мектебінің 11 сынып оқушысы ( 30 000) теңге;

· Еңбекқали Нұрлан –Д.Рақышұлы атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы ( 30 000) теңге;

· Бердімұрат Нұрсұлтан – Кішішыған орта мектебінің 4 сынып оқушысы ( 30 000) теңге.

Қоғамдық қор 2017-2018 оқу жылында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік әдістемелік орталығы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік орталығыменАқтөбе қаласының білім бөлімімен, Ақтөбе облыстық жастар ресурс орталығымен, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің үздіксіз білім беру институтымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», сондай-ақ Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясы мен Орынбор қаласындағы «СОЦИОС» әлеуметтік институтының қосымша кәсіби білім берудің коммерциялық емес ұйымыменқазіргі таңда бірлесіп жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар Халықаралық деңгейде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында өткізілетін конференциялар аясында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасының аға оқытушыларымен, Ақтөбе облыстық ғылыми – әдістемелік орталығының мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын логопед, дефектолог, психолог және т.б мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында бірлесіп жұмыс жасаудамыз.

Жоғарыда аталған іс – шараларды атай келе,талантты да дарынды және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында өткізілетін конференциялар мен байқаулар аясында Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Назарбаевтың елдегі жанжақты элитаны қалыптастыру, білім беру сапасы саласындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту, балаларға арналған ғылыми қызметті дамыту және жас ғалымдарға өздерін насихаттай білуге, кішкене болашақ ғалымдар жұмыстарын саралау барысында апробациялануына мүмкіндік туғызу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін белгіленген басымдықтарды іске асыру мақсатында Сіз басқарып отырған балалар құқығын қорғау комитетімен бірлесіп жұмыс жасау үшін (меморандум) келісім шартқа отыруға сұранатындығымызды хабарлаймыз.

Алдағы уақытта оқушылар мен ұстаздардың, жас ғалымдардың шығармашылығын және ой-өрісінің шыңдалуына белсене жұмыс жасау мүмкіндігіміздің мол екендігіне сенім білдіреміз.

Ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында 2019 жылдың 20 желтоқсанында «Халықаралық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар меморандум аясында 2021 жылы қаңтар айында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, меморандум аясында жылдық жоспарына сәйкес ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған «Жыл мезгілдері» атты ІV Республикалық көркем сурет және фотосурет байқауын өткізкен болатын.Байқауға Қазақстан Республикасының 14 облысынан 3000 – ға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша Қоғамдық қор атынан төмендегі бас жүлде иегерлері кубок пен 10000 (он мың) теңгелік ақшалай сертификаттармен марапатталды:

1. Қалқаш Қазына – Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі; 10000 (он мың теңге);

2. Хамза Ерасыл – «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» КММ; 10000 (он мың теңге);

3. Абдиров Аманат – «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ; 10000 (он мың) теңге;

4. Кенжебай Тамерлан – Нұр – сұлтан қаласы №65 мектеп – гимназиясы; 10000 (он мың) теңге;

5. Қабышев Мирас –ШҚО, Аягөз қаласы «№5 ЖББОМ» КММ; 10000 (он мың) теңге;

6. Ақтаев Жанарыс – Қызылорда облысы, Арал қаласы №64 орта мектебі; 10000 (он мың) теңге;

7. Эккерт Александр – Қарағанды қаласы №20 орта мектеп; 10000 (он мың) теңге;

8. Дәулет Мейрамбек – Түркістан облысы, Төле би ауданы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған Леңгір көмекші мектеп – интернаты» КММ; 10000 (он мың) теңге;

9. Шаметов Дамир – «Хромтау ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

10000 (он мың) теңге;

10. Журабек Рамазан – Шымкент қаласы «№137 ЖОББМ» КММ; 10000 (он мың) теңге;

11. Жасұлан Асылай – Жуалы ауданы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебі;

12. Арыстанбек Жанна – Талдықорған қаласы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты;

Алдағы уақытта жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және жағдайы нашар отбасының балаларын қолдау мақсатында серіктестікте боламыз деп, сенім артып, алдын ала алғыс білдіреміз!



Comentários


bottom of page