top of page

«ТАМШЫБҰЛАҚ»: ЕЛДІҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛЕ БАСТАДЫ


Жетісу облысының Қапал ауылында «Тамшыбұлақ» атты табиғат жауһары бар. Шипалы бұлақ жайлы заманында әйгілі этнограф Шоқан Уәлиханов жазып, тарихи дерек қалдырған. Бірнеше жыл бұрын киелі орынды бәзбіреулер бүлдіріп кеткен еді. Аталған аумақ 2018 жылы Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілді. Қазір «Тамшыбұлақ» қалпына келе бастады.

Табиғаттың ерекше жаратылысы саналатын «Тамшыбұлақ» туралы аңыз көп. Соның бірінде қосыла алмаған қос ғашықтың көз жасы екені айтылады. Қысы жазы қатпайтын қасиетті бұлақ суын тұрғындар көне заманан бері ем ретінде пайдаланып келеді.

Болат Есжанов, Арасан ауылының тұрғыны:

- Шипалы, әйбат су. Бәріне ем болады. Ана жерде суға түседі елдер. Суық болса да. Қыстыңгүні іше берсең де тамағың ауырмайды.

Тамшыбұлақтың айналасындағы жалбыз бен мүкті бәзбіреулер қырып алғаннан кейін бұл маңға бейнекамера орнатылды. Ауласы абаттандырылды. Қасиетті нысандар тізіміне енген соң заңмен де қорғалады. Табиғат жауһарын сақтауға бағытталған мұндай жұмыстар бүгінде өз нәтижесін бере бастады.

Жанат Есімбеков, «Тамшыбұлақ» қорының жетекшісі:

- Қазір қалпына келіп жатыр. Мінекей. Қарап тұрса, бәрі түсінікті. Осы мүктердің арқасында тамшылап тұрады. Тамшұбалақ деген атауы содан. Қазір сондай әдемі көрініс қой.

Тамшыбұлақта туристер үшін енді арнайы орталық салу жоспарланып отыр. Өңір билігі тиісті құжаттарын дайындауға кірісті. Сонымен қатар тарихи деректер де жинақталмақ.

Ғалымжан Оспанов, облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық директоры:

- Тамшыбұлақтың тарихы өте терең. Бұл жерде Шоқан Уәлиханов экспедициясымен кетіп бара жатқанда су ішкен. Одан кейін Томас Аткинсон өтіп бара жатып таңғалғаны соншалықты, ұлының атын Тамшыбұлақ деп қойған. Жалпы, бізде Жетісу облсында 45 сокралды мекен бар. Соның жетеуі жалпыұлттық тізімде болса, 38-і жергілікті тізімде болады.

Қойнауы сырға толы Қапал аймағында 18 тарихи мәдени ескерткіш бар. Өлкетанушылар қасиетті нысандарға барар жолды көрсететін арнайы карта әзірлеп жатыр. Бұл өз кезегінде киелі орындарға келетін туристердің санын арттыруға сеп болмақ.



Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page