top of page

Павлодарда «Даңқ аллеясы» патриоттық-экологиялық акциясы өтті


Ертіс өңірінде патриоттық-экологиялық акциялар жалғасын табуда.

Экологиялық және патриоттық акциялар Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай ұйымдастырылып жатыр. «Даңқ алалеясы» шарасын өткізуге «Майдан жолы» іздестірушілер жасағы мен «Жерге бақша сыйла» қоғамдық қоры мұрындық болды.

Белсенділер Инновациялық Еуразия университетінің аумағында бұйра талдың 30-дан астам данасы отырғызылды. Олардың айтуынша, мамыр айында ағаш отырғызу осғыста қаза болған ардагерлердің ерлігіне тағзым етумен іспеттес. Ағаш отырғызу – бір реттік акция емес.

Көшет өсіп-өніп кету үшін алғашқы үш жыл бойы жақсы күтім керек. Тұрақты түрде суарып, топырағын тыңайтқыштармен байыту маңызды. Зиянкес жәндіктерге қарсы шараларды да өткізген жөн. Бұл – аса жауапты іс. Сондықтан, ағаш отырғызбас бұрын акция қатысушылардың уәдесін алдық. Олар әр ағашқа жауапкершілікпен қарайды. Біздің талаптарымызды ұқыпты орындайды деген сенімдеміз, - дейді «Жерге бақша сыйла» қорының жетекшісі Юрий Гашек.

Айта кетейік, осы тектес акция Торайғыров университетінде де өтті. Студенттер мен іздестіруші жасақ өкілдері бірлесіп ондаған ағаш отырғызды. Алдағы жылдары жайқалған аллея пайда болмақ.


Дереккөзі: https://baq.kz/pavlodarda-danq-alleyasy-patriottyq-ekologiyalyq-aktsiyasy-otti-304145/

Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Yorumlar


bottom of page