Балалар жылына орай, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында "Ұлы дала елі" орталығында "Бал таңдай" өнер фестивалі аясында "Менің туған жерім" атты суретшілер байқауы өтті.
Байқауға Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Шанкеев Бақытбек Ордабекұлының жетекшілігімен 9—сынып оқушысы Дүйсенбек Сымбат Талғатқызы қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.
Дүйсенбек Сымбаттың Жас қаламгерлер арасындағы өткен өнер байқауында суретшінің қағазға қылқаламмен бейнелеген жұмысы жоғары бағаланды.
Жас суретшілерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау білдіріп арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен марапаттады.
Шанкеев Бақытбек ағайдың " Жас суретшілер" үйірмесінің оқушылары 2021—2022 оқу жылында көптеген байқаулар мен сайыстардан жүлделі орындарды иеленіп арнайы дипломдар мен марапаттауларға ие болды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, шығармашылық табыс тілейміз. Дарынды, талантты оқушыларымыз көп болсын!
Comments