Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының педагогтеріне және бейіні бойынша мамандарға арналған «Мектеп жасындағы балаларға театр өнерін оқыту әдістемесі» республикалық біліктілікті арттыру курсының 7 күнін аяқтады.
Курс тыңдаушылары балалардың актерлік шеберлікке бейімділігін анықтауға арналған психологиялық-педагогикалық диагностика жұмысы, дауыс ырғағы, сахна қозғалысы техникасы ерекшелігі сабақтарында белсенді қатысып, өздерінің біліктілігі мен теориялық білімдерін жетілдіріп, практикалық тапсырмаларды орындады. Дәріскерлер өткізіп жатқан барлық сабақтарда тыңдаушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады.
Commenti