Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы
- Rumsdo rumsdo
- 17 апр. 2023 г.
- 1 мин. чтения
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару білім алушыларды әлеуметтендірудің тиімді құралы» біліктілікті арттыру курсының 1 күнін бастады. Курс ұзақтығы 2023 жылғы 17-28 сәуір аралығы.
Бағдарламаның мазмұны төрт модульден құралады:
нормативтік құқықтық;
психологиялық-педагогикалық;
теориялық-технологиялық;
практикаға бағдарланған.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар шығармашылық жобаларды қорғайды, қорытынды тестілеуден өтеді.
Comments