Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Жас Ұлан" ұйымының 10 жылдығына орай дәстүрлі облыстық слет өтті. Слетке облыс бойынша делегаттар қатысып, мереке қарсаңында 70000 аса оқушы жас ұлан қатарына қабылданды. Слет барысында "Тәуелсіздікке 30 қайырымды қадам " жылдық акциясының жеңімпаздары мен үш ұлттық жоба "БІРГЕМІЗ :ТАЗА ӘЛЕМ ", "БІРГЕМІЗ : КИЕЛІ ТАБИҒАТ ", " Restart" жобаларының үздіктері марапапатталды.Жаңа жоспарлар жобаланып, көшбасшылар үшін тренингтер ұйымдастырылды. Жыл қорытындысы бойынша Қазалы аудандық "Жас ұлан " ұйымы 1орын,Қармақшы аудандық "Жас ұлан " ұйымы 2 орын, Арал аудандық "Жас ұлан " ұйымы 3 орын иеленді!
Құтты болсын, Сыр Ұландары! Жыл жетістігімен келсін! Жаңа жобада кездескенше!
Comments