2022 жылғы мамырда бейнеконференция режимінде Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында «Жазғы сауықтыру лагерьлеріне, тамақтандыруды ұйымдастыруға, медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға білім беру бөлімдерінің басшылары, денсаулық сақтау басқармасының, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері, балалардың жазғы демалысы мәселелеріне жетекшілік ететін мамандар (аудандар мен Петропавл қаласының білім бөлімдері), қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерлерінің директорлары, тәрбиешілер, тәлімгерлер және медицина қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
Семинар барысында жазғы сауықтыру лагерлерінің жаңа маусымға дайындығы туралы тақырып көтеріліп, жаппай тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу мәселелері талқыланды.
Семинар соңында жергілікті атқарушы органдарға жазғы сауықтыру лагерьлерінің жаңа сауықтыру маусымының басталуына дайындығы жөнінде нақты тапсырмалар берілді, қызықтыратын сұрақтар қойылып, талқыланды.
Comments