top of page

Дулат Исабеков шығармалары швед тіліне аударылды


Бұл – Альфред Нобельдің Отанында басылған алғашқы қазақ әдебиеті. Кітапқа автордың «Гауһартас», «Сүйекші», «Дермене», «Өкпек жолаушы», «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты бес повесі және бірнеше әңгімесі енген. Жинақты швед академигі, Нобель сыйлығының лауреаты Бенгт Самуэльсон аударған. Швециялық сыншылардың жоғары бағасын алған туынды 1000 данамен басылды. Драматургтың пьесаларына еуропалық театрлар қызығып отыр. «Бөрте» пьесасын Вена, Цюрих, Брюссель театрлары сахналауға дайындықты бастап кетіпті. Ал күні кеше Дулат Исабеков шығармасының желісімен түсірілген «Балуан Шолақ» фильмі үшінші Еуразия кинофестивалінде арнайы дипломмен марапатталды. Дулат Исабеков, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері: - 28 маусымда Балуан Шолақты кинофестивальде көрсеткенде оған да режиссерлер бара алмады, өздері көрсетті, өздері бағалады. Сөйтіп, олар «Көрерменнің көзайымы» деген бар ғой, бұл өте жоғары нәрсе, анау бірінші, екінші орындарды әртүрлі жолдармен алып кетуі мүмкін. Ал, «Көрерменнің көзайымы» деген ол көрерменге ұнаған деген сөз.



Comments


bottom of page