top of page

Бүгінгі ұрпақ – ел ертеңі

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жасөспірімдерге әскери патриоттық тәрбие беруде үлкен күш жұмсап келеді. Колледжде «Айбын» ӘПК құрылған. Әскери патриоттық клубтың мақсаты – қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын, өз Отанын құрметтеуге, жасөспірімдерді Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге тәрбиелейтін, қызығушылығы мен даярлығын қалыптастыратын ерікті колледж жанындағы ұйым болып табылады. Аталмыш ұйым Мемлекет басшысының ойын жүзеге асыруға атсалысады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзін зор ықыласпен тыңдадым. Қабылданған жүйелі шешімдерді ел тағдыры үшін өзекті және дұрыс деп есептеймін.

Мемлекетіміздің Тәуелсіздігін сақтап қалудағы, халықтың қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда жіберген кемшіліктерді айқындап, Қазақстан Республикасының жарқын болашағын құру мақсатында Үкіметке берген тапсырмаларына сенімділікпен қараймын.

«Әскери билет жастардың мақтаныш сезімін тудырмайтын болды», – деп, өз сөзінде Мемлекет басшысы қазақстандық азаматтардың мерзімдік әскери борышын өтеуге ниет білдіретіндердің саны күрт төмендегенін атап өтті. Бұл – ел болашағы үшін үлкен қатер. Жеткіншектерді әскери борышын өтеуге ынталандыруды қоғам болып ойластыру керек.

11 қаңтар 2022 жыл. «Айбын» ӘПК жетекшісі – Жабагин Тілектес Есенжолұлы


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page