top of page

Білім беру ұйымдарында дебат клубтарының жұмысын жетілдіру

«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2022-2023 жаңа оқу жылы қарсаңындағы дәстүрлі тамыз кеңесі аясында «Білім беру ұйымдарында дебат клубтарының жұмысын жетілдіру – озық ойлы ұрпақ тәрбиелеудің кепілі» тақырыбында 2022 жылдың 25 тамызында облыс бойынша дебат клубы үйлестірушілеріне арналған секция отырысы өткізілді.

Секция отырысы Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында ұйымдастырылып, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен дебат клубтарының үйлестірушілері қатысты.

Секция отырысын «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының директоры Қиянбекова Айжан Тұрғанбекқызы ашып, қатысушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Секция отырыстарында төмендегі мәселелер қарастырылды:

«Мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысының өңірлік лигаларын құру» - Дәулет Нұркен Қайратұлы, ҚР ОАМ РҚББОӘО ҚР пікірсайысты дамыту жобалық кеңесінің сарапшысы;

«Пікірсайысшыларды дайындаудың жеке тәжірибесі» - Шайқы Ақерке Әміржанқызы, пікірсайыс қозғалысының жанашыры, БҚО «Семсер» интеллектуалды пікірсайыс үйірмесінің негізін салушы, ментор;

«Пікірсайыс қозғалысының бүгіні мен ертеңі. Оқу орындарындағы дебат қозғалысын жандандыру» - Жалғасбекұлы Шернияз, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы;

«Дебат ойындарының жастар арасында трендке айналуы» - Жорабек Медет Ерданаұлы, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;

«Пікірсайыс қозғалысын дамытудың Шиелі ауданы бойынша алғы шарттары» - Ташкенбаева Аида Ниязбекқызы, «Шиелі шынарлары» дебат клубының жетекшісі, Шиелі аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері;

«Дамытушы Дербес Дебат немесе 3Д» - Ерахан Ақниет Ераханқызы, «Алтын ғасыр» дебат клубының жетекшісі, Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Секция отырыс барысында облыс деңгейінде дебат клубтары бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланып, өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта дебат клубтарының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Шара соңы дебат клубы үйлестірушелерінің еркін форматтағы пікір алмасу алаңына ұласты.




Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page