top of page

Аймақтық дебаттық қозғалыс үйлестірушілеріне арналған вебинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні, тәжірибе алмасу мақсатында, аймақтық дебаттық қозғалыс үйлестірушілеріне арналған вебинар өткізілді.

Вебинар барысында облыс деңгейінде дебаттық қозғалысты ұйымдастыру жұмысы бойынша келесі спикерлер өз іс-тәжірибесімен бөлісті, олар Астана қаласының Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтимова Айгуль Абдумаликовна және Астана қаласының үйлестірушісі Шербаева Бибінұр Байжігітқызы.

Спикерлер облыстық үйлестірушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, қатысушылар спикерлердің вебинарға дайындаған мағлұматтар базасын жоғары деңгейде бағалап, кері байланыс берді.

Сонымен қатар, облыстық үйлестірушілермен 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен сұраныстар қабылданды.

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page